«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Бағдатұлы Міржақып 1 – наурыз «Алғыс айту күніне» орай «Алғыс айту күні – Қазақстан халықтарының бауырмалдығы мен мейірімділігінің белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырыс барысында «Алғыс айту күнінің» маңыздылығы, бірлік пен бейбітшіліктің негізі «Қазақстан халқы Ассамблеясының» құрылу тарихы мен еліміздің дамуына қосатын үлесі және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты студент жастарымыздың бойына қазақстандық бірлік пен достық, патриотизмді қалыптастыру.