Абай әлеміне саяхат

Share on social networks
29 сәуір күні Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай әлеміне саяхат» атты қорытынды әдеби-танымдық кеш өтті.

Кешке Абайтанушы ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркітану кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Амантай Шәріп қатысып, Абайтануға қатысты тағылымды да тың әңгімелер айтты.

Университетішілік «Абай оқуларының» жеңімпаздары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  студенттері Елдесбаев Нұрбақыт пен Атамурадова Ақмарал  Абай әндерін орындап, Абайдың  қара сөздері мен өлеңдерінен мәнерлеп оқыды. Қазақ филологиясы кафедрасының  меңгерушісі, доцент Отарова Ақмарал Нұрғожақызы шараны қорытындылады.