Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Yessenov University Сіздерді Волонтерлар жылы аясында және Ғылым қызметкерлері күніне арналған өткізілетін “Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары” атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 24 сәуір 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Негізгі мақсаты: волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын анықтау және талдау, студенттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін сараптау.

Міндеттер:

  1. Маңғыстау облысы аумағындағы волонтерлықты дамыту бойынша негізгі мәселелерді талқылау;
  2. Студенттердің кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді талқылау;
  3. Волонтерлік қызметті ілгерілету мақсатында қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау арқылы еріктілік саласында тиісті ақпаратпен, ғылыми-тәжірибелік біліммен алмасу.

 “Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары” атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. Студенттік волонтерлік жобалар: негізгі бағыттар, тәжірибе және даму үрдістері;
  2. Аймақтағы өзекті мәселелерді шешудегі студенттік волонтерлік қызметтің рөлі: мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет;
  3. Волонтерлік қозғалыс зерттеу объектісі ретінде (тарихи-мәдени, нормативтік-құқықтық, психология-педагогикалық, экономикалық және т. б. аспектілер);

Конференция бағдарламасы:

1000 –1100 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
1100 – 1200  – Секциялық отырыс
1200 – 1300 – Қорытынды шығару. Конференцияның жабылуы

Түскен материалдар электронды жинаққа енгізіледі. Электронды нұсқадағы баяндамалар мәтіндері 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін (қоса алғанда) электрондық пошта farida.kayupova@yu.edu.kz арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(771) 5709027; +7(701) 4938149, электрондық пошта: farida.kayupova@yu.edu.kz

 СІЗДІҢ ҚАТЫСУЫҢЫЗҒА ҚУАНЫШТЫМЫЗ!

 Ұйымдастыру комитеті

ЖАРИЯЛАНАТЫН МАТЕРИАЛДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Баяндамалар электрондық нысанда (электрондық пошта арқылы) doc немесе rtf кеңейтуімен файл түрінде ұсынылады. Баяндамалар бар файл – бірінші автордың тегі бойынша (мысалы, IGCE.doc; Ivanov.doc).

Жарияланатын материал: міндетті түрде ӘОЖ, аңдатпа, түйінді сөздер, мәтін Word 6.0 редакторында терілуі тиіс, парақ форматы – А4, шрифт Times New Roman Cyr, әріптер өлшемі 12, барлық жағынан 2,5 см.

Аңдатпа мәтіннің басында мақала көрсетілген тілде беріледі (40-50 сөз). Аңдатпа ғылыми шығарманың тақырыбы мен құрылымы туралы жалпылама түсінік беретін қысқаша мазмұндама болып табылады.

Түйінді сөздер мақала мазмұнын барынша толық ашуды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін 5-6 түйінді сөзді олардың маңыздылығы бойынша қойыңыз, яғни мақаланың ең маңызды сөзі тізімде бірінші болуы тиіс.

Баяндаманың атауы: бас әріптермен, орталықтанған; авторлары: тегі және аты – жөні (титулдары көрсетілмейді), ведомстволық тиістілігі көрсетілген ұйымның толық атауы- орталықтанған. Мәтін ені бойынша тураланады; интервал бір; абзацтық шығыңқы – 1,5 см. Мәтін баяндама қалпынан бір бос жолдан бөлінген. Баяндама көлемі– 5 беттен артық емес.

Иллюстрациялар: суреттер, фотосуреттер және кестелер мәтінге енгізілуі тиіс. Суреттер мен фотосуреттерге қойылған қолдар олардың астында бір интервал өткізілгеннен кейін орналастырылады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ортасында, суреттер нөмірленеді (мысалы: 3-Сурет. Уақытпен жүйенің жай-күйінің өзгеруі). Кестелер Word редакторының құралдарымен басылады. Кестелердің атаулары кестенің үстінде орналасады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ені бойынша туралау, кестелер нөмірленеді (мысалы: 2 – Кесте. Үлгі параметрлерінің мәндері).

Формулалар: Microsoft Equation формулаларының редакторында орындалады (айнымалылар курсивтік сызуға ие, өлшемдері: кәдімгі – 12 pt, ірі индекс – 10 pt, ұсақ индекс – 7 pt, ірі таңба – 22 pt, ұсақ таңба – 12 pt), абзацтық шегініс – жоқ, туралау-беттің ортасында, қажет болған жағдайда формулалар оң жағында нөмірленеді. Белгілеулердің мағынасын ашу формуладан кейін орналастырылады, абзац шегінісі-жоқ.

Әдебиетке сілтемелерді төртбұрышты жақшада [1, 2] мәтіндегі дәйексөз ретінше көрсету керек.

Әдебиеттер тізімі мәтін соңында орналастырылады және бос жолмен бөлінеді. “ӘДЕБИЕТ” тақырыбынан кейін-жолды өткізу, тақырыбы орталықтанған, қалың қаріп – 12 pt. Әдебиеттер тізімінде авторлардың аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетіледі. Монографиялар үшін қала, баспа, жыл, беттер саны; журнал мақалалары үшін – журнал атауы, жылы, том, нөмірі (шығарылымы), беттері; жинақтардағы мақалалар үшін – жинақтың атауы, қаласы, баспасы, жылы, беттері; электронды ақпарат көздері үшін – тиісті сайтқа сілтеме, 3-тен артық емес.

БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 20 СӘУІР 2020 Ж. АЯҚТАЛАДЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

+7(7292)42-57-37, +7 775 3333955,

сайт: http://yu.edu.kz/

электрондық пошта: aizhan.agniyazova@yu.edu.kz

  Ұйымдастыру комитеті