6 ашық спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі

7 қараша күні Тұңғыш Президент күні аясында Ақтау қаласының әкімі Нұрдаулет Қилыбайдың қатысуымен Yessenov University 6 ашық спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ол 2 шағын футбол алаңы, 2 теннис корты, 1 баскетбол алаңы, 1 воллейбол алаңы.

Бұл спорт алаңдары университет оқытушылары мен студенттері үшін қызмет ететін болады. Шара барысында құрметті қонақтар ашық спорт алаңдарымен және университеттің алға қойған бас жоспарларымен танысты.

Ашық спорт алаңының жалпы аумағы 4880 кв.м. Ашық спорт алаңдары барлық талаптарға сай салынған.