Инжиниринг факультетінде кезекті SPE семинары өтті, онда КазНИПИмұнайгаз жетекші инженері Сагындыков Марат студенттерге “Полимерлі суландыру тиімділігін бағалау” тақырыбында дәріс оқыды. Қызықты баяндамадан кейін дәріскер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.Read More
«Базалық» факультеттің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының оқытушысы Толепбергенова А.Б және Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенттері “Service learning” пәнінің жобасы бойынша Ақтау қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларына арнап «Спорт-денсаулық кепілі!» атты шара өткізді. Шарада дойбы, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Read More
«Маңғыстау экспедициясы» аясында Маңғыстау тарихына «Жыңғылды катакомбасы» деген атпен енген ежелгі қабірлеу орнына алғашқы археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Танымал археолог А.Астафьевтің айтуынша, бұл кешенді жерлеу орны шамамен біздің заманымыздың 3-4 ғасырына тиісті болса керек. Қазіргі таңда 8 қабір ашылып, онда 13 адам жерленгені белгілі болды. Адам сүйектерінің жанынан құмыра, пышақ, қойдың жіліктері және моншақтар табылған....Read More
«Қазақстан Халқы Ассамблеясының» кафедрасының оқытушылары И.В. Бисингалиева және А.Б. Толепбергенованың ұйымдастыруымен “Махаббат әлемі” атты студенттер арасында поэзиялық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттерге адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір- біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру. Студенттер әртүрлі тақырыпта өз өлеңдерін оқыды. Іс шараның соңында студенттерге тренинг өткізілді. ...Read More
Yessenov University 1-курс ұлдары арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Базалық» факультет, 2-орын «Түрікменстан» командасы, 3-орын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығыынан құралған «Аралас» командасы иеленді. Ұйымдастырушылар «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: Н.М.Калиева, О.А.Бондаренко, К.Н.Сейдалиев. Read More
Yessenov University «Юриспруденция» мамандығының 2-курс студенттері Маңғыстау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік бөлімінің басшысы С.А. Баксеновпен және Ақтау қаласы әділет басқармасының басшысы А.Ж. Тілекбаевпен кездесті. Мамандар зияткерлік меншікке қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы уақыттардағы өзгерістер мен толықтырулар, авторлық құқық және өзге де сұрақтар туралы түсіндірулер берді. Read More
Yessenov University кәсіптік бағдар беру тобы «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж студенттеріне университет ректорының 100 білім гранты мен жеңілдіктері, «Менің таңдауым – YU» атты Startup байқауының ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттегі мамандықтар жөнінде ақпарат берілді. Колледж студенттерi байқауға қызығушылықтарын танытып, қатысуға ниеттерін білдірді....Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «Speech community poster presentation» шарасы өтті. Шарада түрлі-түсті плакаттар дайындап, жер бетіндегі әртүрлі ұлттық қауымдастықтар туралы ағылшын тілінде хабарламалар жасады.Read More
Yessenov University «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері аға оқытушы Г.Ж. Кобегенованың жетекшілік етуімен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығы» пәнінің практикалық сабағын университет алдындағы алаңқайда акция түрінде өткізді. Бұл сабақ қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылықтың бірі ретіндегі темекі шегу мәселесіне қатысты әкімшілік құқық нормаларын түсіндіру және жастар арасында темекі шегуден бас тартуды насихаттауға арналды. Акция барысында «Құқықтану»...Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай кафедра студенттеріне «Жұлдыздар тоғысқанда» атты бейнефильм көрсетілді. Шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Президентіміздің алатын рөлі. Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы тарихи оқиғалармен таныстыру, Қазақстандық патриотизмге, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Read More