11 жас ғалым

Yessenov University-де 11 жас ғалым қызмет етеді

Биыл Yessenov University халықаралық QS ЖОО рейтингісіне енген болатын. Оған үлес қосқан ең алдымен профессор-оқытушылар құрамы. Бүгінгі таңда университетте  барлығы 334 оқытушы бар. Оның ішінде 8-ғылым докторы, 17 – PhD докторы, 105-ғылым кандидаты және оларға теңестірілген тұлғалар, 145-ғылым магистрлері. Оқу ордасының осындай жетістікке жетуіне орасан зор еңбек сіңіріп келе жатқан жас ғалымдарымыз. 

Олардың ғылым саласына келуі мемлекет тарапынан қызықтыратын жағдай жасалып жатқанынан және қабылдаған шаралардың нәтижесі. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсті. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілетін болса, қазір жыл сайын өткізіледі. Есеп беру азайды, бюрократиялық кедергілер жойылды. 

Жас ғалымдар үшін жеке гранттар қарастырылған. Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып отыр. 

Өткен жылы университет тарапынан 11 жас зерттеуші грант бойынша 4 ғылыми жобаға қатысса, биыл 6 ғылыми жоба қатысуда. 

Оның ішінде 2 гранттық жоба: құны 52 563 589 теңге “Кибернетикалық қауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде шешімдер қабылдауды қолдаудың зияткерлік жүйесін әзірлеу” және 59 719 теңгені құрайтын «Мұнай битумдарын өнеркәсіптік және тұрмыстық полимер қалдықтарымен түрлендіру» бойынша жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар.