“Әзірбайжан орталығы” кабинетінің ашылуы

Spread the love

Каспий маңындағы тағы бір елмен ынтымақтастығымыз нығайды

Бүгін Yessenov University қабырғасында «Әзірбайжан орталығы» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Кабинеттің лентасын университет Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы және Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының  Бас консулы Маммадов Эльмар Рагим оглы  қиды. 

Шараның басты мақсаты: Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін көршілес Әзірбайжан Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен ділін университеттің білім алушыларына таныстыру және насихаттау болып табылады. 

Орталықтың ашылуына орай университет және Ақтау қаласындағы Әзірбайжан консулдығы арасында ынтымақтастық жөніндегі келісім шартқа қол қойылды.