Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов

«Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 25-29 сәуір аралығында университетте «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты апталық өтуде. Апталық аясында тағылымды дәрістер, дөңгелек үстел, А.Байтұрсынов туралы фильм тамашалау, білім алушылар арасында көркемсөз сайысы, эсселер байқауы сияқты маңызды шаралар жоспарланған. 

27 сәуір күні «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Отарова Ақмарал Нұрғожақызы білім алушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт  руханиятының көсемі» атты мазмұнды тағылымдық дәріс оқыды. Дәріске 60 студент қатынасты. Тағылымдық дәрістен кейін студенттер, дәрістің өздері үшін өте мазмұнды, қызықты, әсерлі болғандығына ризашылық сезімдерін білдірді.