6 қыркүйек Yessenov University-де Қазақстан халқының тілдері күні аясында және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінің құрметіне «Ел тұғыры – мемлекеттік тіл» атты жастар форумы өтті.
Форумды «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі А. Отарова кіріспе сөзімен бастап берді. Yessenov University профессор-оқытушылары Ә. Қабылов пен М. Жылқыбаева Алаш арысы А.Байтұрсынұлының әдебиеттанушы және лингвист ғалым ретінде жазған еңбектері туралы баяндады.
«Өнер» мамандығының студенттері дәстүрлі ән мен жыр айтып берді. «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері А.Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Форумның қорытынды бөлімі түрлі ұсыныс-пікірлер мен сұрақ-жауаптарға арналды.