«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес және құқық» факультетінің студенттері «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Тасболатовамен Маңғыстау облысының басты қасиетті орындарының бірі – Шопан-Ата мешіті мен Оғландыдағы Бекет-Ата жер асты мешітіне барды. Шараның басты мақсаты Маңғыстау жастары арасында тарихи құндылықтарды қалыптастыру.