23 сәуірден бастап «Экономика және құқық» факультетіне Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген «Құқықтану» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов өзара тәжірибе алмасу жұмысына кірісті.
Жоспарланған сабақ кестесіне сай профессор Жамаладен Ибрагимов 23 сәуір 6 мамыр күндері аралығында «Құқықтану» кафедрасының студенттеріне «Қазақстанның саяси-құқықтық ілімдер тарихы», «ҚР конституциялық құқығы», «Құқық қорғау органдары», «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері» пәндері бойынша дәрістер циклы мен тәжірибелік сабақтарын өткізетін болады.