Digital Маркетинг

27 желтоқсан күні Yessenov University-де «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Digital Маркетинг» тақырыбында TED TALKS форматындағы ашық диалог алаңы өтті.

Ашық диалог алаңы екі негізгі бағытты қамтыды:
Спикерлер өз тәжірибесімен бөлісті;
Ашық микрофон айдары.

Бұл ерекше формат арқылы кәсіпкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам және қонақтар арасынан қойылған сұрақтар талқыланды.

Алаңда жоба авторларының бірі, «Бизнес және құқық» факультетінің Экономика PhD докторанты Фатима Давитбайқызы «Digital Маркетинг» жобасының миссиясы мен болашақ жоспарын таныстырды. Сонымен қатар, «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Р.К. Әбілшеева алғы сөз сөйлеп, спикерлерге сәттілік тіледі.

«Digital Маркетинг» TED TALKS форматындағы ашық диалог алаңында Сарекенова Диляра «Мерекелік шаралар маркетингі: клиенттерге қызмет көрсету», Ерубаев Ерлан «Упаковка бренда в маркетинге», Dr. Dababrata Chowdhury «Generation + Technology – Creativity = Nation» тақырыбында баяндамалар жасады.

Спикерлер әлеуметтік желілерде дұрыс стратегия құрудың маңыздылығын, контент сапасын арттырудың және аудиториямен байланыс орнатудың тиімді жолдарын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар спикерлермен өзара пікір алмасып, жаңа идеялар мен тәжірибелер туралы ой бөлісті.