«Дактиль және ым-ишара тіліне үйрету» тақырыбындағы курс

Ағымдағы жылдың 21-сәуірінен Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Білім беру» факультеті студенттеріне арналған «Дактиль және ым-ишара тіліне үйрету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсты инклюзивті қызметінде мол тәжірибесі бар, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, облыстық арнайы мектеп-интернатының дефектологі, педагог-сарапшысы Жолдыбаева Гаухар Мұрақызы жүргізеді.

Курстың мақсаты – есту қабілеті бұзылған тұлғалардың коммуникативтік қажеттіліктерін түсінуге, сондай-ақ ым-ишара арқылы ақпарат жеткізу дағдыларын меңгеру, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында педагогтерді, арнайы мамандарды және көмекші қызметкерлерді дактиль мен ым-ишара тіліне үйретуге бағытталған.

Курс барысында тыңдаушыларға ым-ишара тілінің алфавитін (дактильді), базалық лексикасын, грамматикалық құрылымдарын және сөйлеу барысындағы қолдану ережелерін үйренеді. Сонымен қатар, әртүрлі әлеуметтік және оқу-тәрбиелік жағдайларда ым-ишараны қолдану стратегияларымен танысады.

Курс теория мен практиканы үйлестіре отырып, қатысушылардың креативтілігін, визуалды және моторлық есте сақтау қабілетін дамытуды көздейді. Тыңдаушылар курсты аяқтаған соң есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектермен тиімді қарым-қатынас орната алатын, инклюзивті ортада еркін жұмыс істей алатын кәсіби маман ретінде қалыптасады.