Пәннің мақсаты ақпараттық білім беру ортасында жұмыс жасау түсінігін қалыптастыру, кәсіби қызмет саласында және білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету. Оқу курсында ақпараттық қоғамдағы білім беруді ақпараттандыру, оқу үдерісінде мультимедианы пайдаланудың əдістері, ақпараттық технологиялар, телеқатынастық технологиялар тақырыптары қамтылған. Пән электрондық оқыту мен оқыту мәселелеріне бағытталған.
білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану аспектілерін, ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орнын сипаттайды; білім берудің нақты кәсіби саласында ақпараттандыру құралдарын практикалық қолдану стратегиясын, білім беруді ақпараттандыру тәсілдерін түсінеді және білім беруді ақпараттандыру саласында техникалық құралдарды тиімді қолданады; білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып заман талабына сай жұмыс жасауды жүйелейді; қазіргі кездегі білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелерін, компьютерлік бағдарламалық қамтамаларын, желілерде ақпаратты жіберу, түрлендіру және көрсету тәсілдерін ұйымдастыра біледі.