Пәннің мақсаты: химиялық өндірістің қалдықсыз технологиясын ұйымдастырудың жалпы заңдылықтарын білу.
Пәннің міндеттері: автогенді процестерді қолдана отырып, ілеспе құнды компоненттерді сіңіре алатын минералды және қайталама шикізатты қайта өңдеудің принципті жаңа технологияларын үйрену.
Пәннің қысқаша мазмұны: қалдықтардың санын азайтатын принципті жаңа технологиялық процестерді әзірлеу және енгізу; тауарлық өнімге қалдықтарды өңдеу үшін әдістер мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу; суды тазарту жүзеге асырылатын ағынсыз су айналым жүйелерін құру.
Курс соңында студент:
– мұнай өңдеу өнеркәсібі қалдықтары мен шығарындыларының негізгі көздерін; қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды құру принциптерін түсіндіреді;
– химиялық өндірісте қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды құру мәселелерін шешу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуына жауапкершілікті көрсетеді;
– қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды әзірлейді;
– химия өндірісінде қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды құру мәселелерінде жаңа шешімдер қабылдайды, қорытынды жасайды, дәлелдейді, оларды негіздейді, проблеманы тұжырымдайды,