B37.007

Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау

Course ID
B37.007
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты – жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша қажетті теориялық білімді, әдістемелік тәсілдер мен практикалық дағдыларды игеру.
Пәннің мақсаты – құқықтық кадастрды білу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік электрондық тіркеуді жүргізу.
Пән жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың түрлері мен тәсілдерін, жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтиды.

Оқыту нәтижелері

Курс аяқталған соң студент:
– жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу саласындағы заңдық базаны, жерді мемлекеттік тіркеу мен есепке алуды жүзеге асыратын органдар жүйесінің құрылымы мен танылуын анықтайды.
– жерді сандық және сапалық есепке алуды жүзеге асыру технологиясын талдайды,
– жер учаскелеріне кадастрлық номір беру жұмыстарын жүргізуді, жердің бірыңғай мемлекеттік реестрді толтыруды орындау әдістерін ұсынады,
– жер учаскесінің ауыртпалықтарына құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру әдістерін ұсынады ,
– жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу тәртібін , жерді кадастрлық аймақтауды жүргізудің құрылымын анықтайды.