Пәннің мақсаты – жер учаскелерін жобалау кезінде жоспарлы-картографиялық материалдарды пайдалану.
Пәннің мақсаты – жер кадастры үшін бастапқы топографиялық-геодезиялық материалдарды жинау және дайындау бойынша, сондай-ақ аумақты бөлу кезінде жерге орналастыру жұмыстарын сапалы орындау үшін білімді қамтамасыз ету.
Пән ауыл шаруашылық кәсіпорындарының аумағында геодезиялық негіздемелерді, жоспарлы-картографиялық материал сапасының сипаттамасын және оны түзетуді қамтиды.
Курс аяқталған соң студент:
-жерге орналастыруда қолданылатын геодезиялық жұмыстардың түрлерін анықтайды;
-қазіргі кездегі жер пайдаланудың аудандарын есептеудің барлық тəсілдерін және оларды қолдану жерлерін түсіндіріп береді;
-жоспарларды және карталарды өңдеуде қолдану үшін түсірістердің әртүрлі нұсқаларын зерттеуге және пайдалануға қолданады;
-жоспарлардың дәлдігін ЭЕМ арқылы есептеп шығарады;
-әртүрлі геодезиялық жұмыстардың түрлерін жерге орналастыруда жəне кадастрда қолдана алуы және жоспарлардың дәлдігін есептеудің, бағдарламаларын ұсынады;