Пәннің мақсаты: ландшафтық дизайнның негізгі түсініктерін, әр түрлі дәуірлер мен қазіргі заманғы тарихи-мәдени ландшафтардың ерекшеліктерін оқу. Пәннің міндеттері: ландшафты жобалау әдістерін, пейзажды жобалаудың негізгі принциптерін оқу.
Пәннің қысқаша мазмұны: ландшафттық дизайнның негізгі түсініктерін, әр түрлі дәуірлер мен қазіргі заманның тарихи-мәдени ландшафттарының ерекшеліктерін, ландшафттық жобалау әдістерін, ландшафттық композициялар әдістерін меңгеруге бағытталған.
Курс аяқталған соң студент:
– ландшафтық жобалаудың академиялық әдісін, ландшафтық композициялар мен олардың элементтерін құру әдістерін талдайды;
– көркем ойлауды білдіреді;
– көлемдік-кеңістіктік ландшафтық композициялар туралы базалық түсініктерді қалыптастырады,
– сәулеттік-ландшафттық жобалаудың көркемдік қызметінің кәсіби қызметіне байланысты міндеттерді шешеді; көлемдік-кеңістіктік композицияның заңдылықтарын ескере отырып, жобалық шешімдер; экологиялық және технологиялық талаптар;
– бақ-саябақ ландшафтық дизайнын ұйымдастыруда ландшафтық сәулет элементтері мен су қоймалары бар жоспарлау тәсілдерін ұсынады.