Пәннің мақсаты: Геодезия негіздері бойынша студенттерге теориялық білім беру. Пәннің мақсаты: топографиялық түсірілім кешені туралы студенттердің білім алуы, жергілікті жерде геологиялық жұмыстарды қамтамасыз ету үшін инженерлік-геодезиялық есептерді шешу. Пәннің қысқаша мазмұны: геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі; рельефтің негізгі түрлері; картографиялық материалды құрастыруға қойылатын негізгі талаптар, геодезияда қолданылатын бағдарлау бұрыштары.
геодезиялық жұмыстардың нәтижелерін пайдаланады, атап айтқанда, топографиялық картаны еркін оқиды және оның негізінде графикалық және математикалық-есептік сипаттағы тиісті міндеттерді шешеді; көпір өткелдерін іздестіру кезінде жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін құрумен байланысты геодезиялық өлшемдер мен жұмыстарды дербес жүргізеді, темір жол трассаларының бейіндерін құрайды; электрондық тахеометрлер мен лазерлік нивелирлер сияқты қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен технологияларды игереді.