Мақсаты: биотехнологияның мақсаттары мен міндеттері, микробиологиялық процестердің принциптері мен ерекшеліктері, микроорганизмдердің жоғары өнімді өнеркәсіптік штамдарын алу әдістері туралы түсінік
Міндеті: курс биологиялық белсенді заттарды, жем-шөп өнімдерін, тағам өнімдерін дәстүрлі емес әдістермен алудың жаңа технологияларымен танысуға бағытталған.
Қысқаша мазмұны: Биотехнология және оның даму болашағы. Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі бағыттары мен міндеттері.
– прокариоттар мен эукариот жасушаларының құрылысын, олардың метаболизмінің ерекшеліктерін; биотехнология әдістерін; тағамдық технологияларда биотехнологиялық әдістерді қолдану бағыттарын; биотехнологиялық әдістерді дамыту перспективаларын түсіндіреді;
– биотехнологиялық әдістер өнімдерін өндіру кезінде, өнім өндірудің жаңа технологияларын әзірлеу кезінде биотехнологиялық үдерістердің мәнін түсіну білігін қолданады;
– биотехнологиялық өндіріс жағдайында дәрілік заттарды дайындаудың технологиялық процесін көрсетеді.