Мақсат – жинақталған шамалардың өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеу: бағалар мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі; тұтыну және инвестициялар; жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс және олардың экономикалық өсуге әсері. Бұл курс барлық негізгі макроэкономикалық процестерді қамтиды: ұлттық өндіріс, инфляция, жұмыспен қамту, экономиканың циклдік дамуы, ұзақ мерзімді экономикалық өсу, халықаралық экономика
– экономикалық білім негіздерін, негізгі экономикалық категориялар мен нарықтық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын түсіндіреді.
– микроэкономика және макроэкономика курстарында өз қабілеттерін нақтылауға және қолдануға қажетті түсініктерді түсіндіреді.
– өндірістің және мемлекет экономикасының дамуының негізгі микро және макроэкономикалық көрсеткіштерін бағалайды.
– алған білімдерін кәсіпорынның экономикасын зерттеуде және кейіннен өзінің кәсіби қызметінде қолданады.