Мақсаты- табиғи және әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің даму заңдылықтары, қазіргі заманғы адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы түсінік және ғылыми дүние таным қалыптастыру.
Пән география ғылымының зерттеу әдістерін, теориялық, методологиялық, қолданбалы мәселелерін анықтауға бағытталған.
Курста геокеңістікте қоғам мен табиғаттың қарым- қатынасына баға беру, экономикалық–әлеуметтік географияның құрылымын және орнын, табиғи, техногендік тәуекелдерді анықтау жолдары қарастырылады.
ПН1-Географиялық зерттеудің және геоэкологияның қазіргі мәселелері, қоршаған ортаны рационалды пайдалану және қоршаған ортаның экологиялық жағдайы туралы біледі және түсіндіреді.
ПН2-Қазақстан, соның ішінде Маңғыстау облысы аумағының гидроэкологиялық қауіпсіздігі және ауаның ластануы туралы мәселелерді талқылай алады.
ПН3-Қазақстан Республикасындағы, Маңғыстау өлкесіндегі экзогендік және эндогендік жүйелер моделін құрып, суреттейді.
ПН4-рекреациялық жүйелердің қазіргі жағдайы мен даму болашағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік әлеуеті, туристік инфрақұрылым дамуының қазіргі деңгейін саралайды.
ПН5-Техника және технологияның дамуына байланысты географияда Жерді қашықтықтан зерделеу (ДҚЖ) және ГАЖ (географиялық ақпараттар жүйесі) технологияларды пайдалану жолдары мен тәсілдерін ұсынады, жорамалдайды.