Мақсаты: Атмосферада өтетін, жер бетімен тығыз байланыста жүзеге асатын үрдістер, климат түзуші факторлар, жер климатының зоналық және секторлық ерекшеліктері туралы білім беру.
Жер бетімен, жер маңы қеңістігімен тығыз байланыстағы, атмосферада өтетін физикалық процесстердің табиғи негізін, климат құраушы факторларды анықтап, зерттеуге бағытталған;
Атмосфераның құрамы мен жалпы қасиеттері туралы нақты түсінік қалыптастырады.
ПН1-Атмосфераның құрылымы мен құрылысын, атмосфераның жылу режимін және төселме беткеймен әрекеттесуін, атмосфераның шекаралық қабаттағы ауа қозғалысының ерекшеліктерін біледі
ПН2-Атмосферадағы күн радиациясының түрленіуін, атмосфераның жылулық режимін, атмосферадағы судың фазалық өтуі туралы түсініктерді меңгереді.
ПН3-Ауа-райының өзгерісіне сәйкес, белгілі бір есептеулерді жүргізу үшін метеорологиялық мәліметтер банкін кұрастырады.
ПН4-Метеорологиялық бақылау әдістерін, жауын-шашынның нормативтік сипаттамаларын есептеу әдістерін, булану және су шаруашылығы және табиғат қорғау объектілерін жобалау кезінде желдің жылдамдығын алу, өңдеу тәсілдерін талдайды.
ПН5-Атмосферадағы гидрометеорологиялық апатты құбылыстардың пайда болу, гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның ластануы себеп салдарларын анықтап, қазіргі жағдайына баға береді.