Мақсаты- жердің географиялық қабығының негізгі элементінің бірі ретінде жер бедері, оның қалыптасу, даму факторлары мен заңдылықтары туралы білім беру
Пән түрлі геоморфологиялық зерттеулермен таныстыруға, жер бедері түзілуінің физикалық-географиялық факторларын анықтауға, далалық тәжірибе материалдарын камералдық өңдеуді игеруге, оқу танымжорықтарын ұйымдастыру әдістерімен танысуға бағытталған;
Рельеф түзуші үрдістер, жер бедерінің мезо, макро формалары ұғымдары қарастырылады.
ПН1-Геоморфология бағытындағы негізгі түсініктерді біледі және оларды есте сақтайды.
ПН2-Ізденіс материалдарының құндылығын түсінеді, қажет деректерді кәсіби салада туындайтын геоморфологиялық мәселелерді мен геоморфологиялық мәселелерді шешу жолдарына байланысты деректерді қолданады.
ПН3-Геоморфология ғылымдары бойынша іргелі, қолданбалы білімді қабылдайды, жинақтайды, көпшілік алдында сөйлейді, өз пікірін тұжырымдайды.
ПН4-Өзінің көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсына алады. Географиялық мәселелерді кәсіби дәрежеде шеше алады, өз ойын дәлелдей алады, дұрыс шешімдерді тұжырымдайды.
ПН5-Белгілі бір аумақтың және оның қалыптасу заңдылықтарын анықтауда бедер сипаттау үшін әртүрлі масштабтағы геологиялық және геоморфологиялық карталарды қолданады, болжайды.
Пәннің мақсаты-студенттерді жер бедері, оның морфологиясы, генетикасы, даму тарихы және түрлерімен таныстыру. Пәннің мақсаты: студенттерге рельефтің формалары, рельеф түзуші факторлар, уақыт бойынша рельефтің өзгеру динамикасы туралы түсінік қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: жер бетінің рельефі, оның құрылысы (сыртқы келбеті, морфологиясы), географиялық ландшафт негіздері, эндогенді және экзогенді процестер.
рельеф түзудің физикалық-географиялық факторларын атайды; картада әр түрлі аумақтың рельефін көрсетеді; Геоморфологиялық зерттеу әдістерін жіктейді; геоморфологиялық схемаларды құрастырады және даулы жағдайларды шешеді;