Пәннің мақсаты: Еуропа және Америка елдерінің ХVІІ ғ. ортасы – ХХ ғ. басындағы дамуы туралы тарихи шындықты деректер арқылы сипаттап, бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан түсіну негізін қалыптастырады. Пән Еуропа және Америка елдерінің жаңа замандағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі мәселелерін зерделеуге бағытталған.
адамзаттың даму тарихындағы жаңа заманның, осы кезеңдегі Еуропа және Америка елдерінің теориялық негіздерін сипаттайды ;
– адамзат тарихындағы капиталистік қоғамының пайда болып, дамуы, жаңа замандағы капитализм кезеңіндегі Еуропа және Америка елдерінің дамуының ортақ және жеке даму ерекшеліктерін түсіндіреді; жаңа замандағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы пәні бойынша зерделенген оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіре алады, алған білімін ұтымды қолдана отырып, түрлі дереккөздерімен жұмыс жасайды, жаңартылған білім бағдарламасы тұжырымдарын орта мектептердегі тарих пәнін оқыту үрдісінде қолданады; жаңа замандағы Еуропа және Америка елдерінің дамуы туралы тұжырымдарын тәжірибе барысында баяндауда қолданады; Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы бойынша зерделенген білімін пайдаланып, олардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына талдау жасайды.