Пәннің қысқаша мазмұны – Пәнінің мақсаты: үстел теннисі ойынының әдістемесін, даму тарихын, үстел теннисі бойынша шеберлік пен дағдыларды жетілдіруді үйретеді
Пәнде қауіпсіздік техникасы, спорт түрін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, жарыс ережесі, жоспарлау, іріктеу, бақылау мәселелері қарастырылған.
Курс оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарын өткізу, үстел теннисін зерттеу кезінде кәсіби жетілдіру бойынша оқу жұмыстарына дайындауға бағытталған.
– Үстел теннисінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді;
– Үстел теннисінің әдістері мен тәсілдерін қоданады;
– Ойын ережесін жетік игерген және жарысты ұйымдастырып, өткізе алады;
– Ойын жарысы кезінде төрешілік етеді және жарысты қорытындылайды;
– Үстел теннисі құрал-жабдықтарын құрастыруды, сақтауды игерген;
– Білім алушылардың анатомо-физиологиялық, психологиялық және жыныстық-жастық ерекшеліктерін білу және осы білімді кәсіби қызметте қолдана білу. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін білу және қалыптасуының маңыздылығын анықтайды;
– Оқушылардың қозғалыс белсенділігіне қажеттілігін ынталандыру, олардың шығармашылық және сыни ойлауын қалыптастыру үшін проблемалық жағдайларды жасай алады.