пәннің мақсаты тәрбие жұмысы саласындағы білім, білік, дағдыларды меңгерту. Пән нақты тәрбиелік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше білуге, сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және жаңа технологияларын қолдана алу біліктілігін игертуге бағытталған. Пән мазмұны адамгершілік, әлеуметтік-психологиялық талаптарға сай педагог тәрбиеші ретінде ғана емес, жан-жақты қалыптасқан тұлға ретінде бәсекеге қабілетті құзыретті маман болып қалыптасу жолдарын қарастырады.
тәрбиенің заманауи концепцияларын сипаттайды; тәрбие үрдісінің компоненттерін (мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары) сипаттайды; бастауыш мектепте тәрбиелеу әдістері мен құралдарын қолдану дағдыларын көрсетеді; әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру формаларын қолданудың оңтайлы шарттарын түсіндіреді; сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жүйесін талдайды; тәрбие үрдісінің компоненттері арасында байланыс орнатады, оны негіздейді; тәрбиелік іс-шаралардың тақырыптық жоспарын құрады және бағдарламасын жасайды; оны жүзеге асыру технологиясын ұсынады; бастауыш мектептегі педагогикалық үрдіс құрылымындағы тәрбиенің алатын орны мен маңызын бағалайды.