Пән мазмұнында XX ғасыр басындағы әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар, қаламгерлер шығармаларының гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұны қарастырылады. XX ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай,әдеби бағыттар.
Ағартушылық-демократтық бағыт. Қазақ ағартушылық әдебиеті. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығы. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы.Міржақып Дулатұлы шығармашылығы.Мұхаметжан Сералин шығармашылығы.
Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығы. Спандияр Көбеевтің шығармашылығы.Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы.
Ғұмар Қарашұлы шығармашылығы.Бернияз Күлеев шығармашылығы.Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
XX ғасыр басындағы ғасырдағы қазақ халқының тарихи-әлеуметтік жағдайын, қазақ әдебиетінің даму сипатын, әдеби бағыттар, түрлері, ағартушылық бағыттар, оның өкілдері
туралы біледі.
Қазақ ағартушылық әдебиетінің тақырыптық және жанрлық тұрғыдан жан-жақты өсуін, кемелденуін, дамуын,жекелеген қаламгерлер шығармашылықтарының бағыт-бағдарын түсінеді;
ағартушылық әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін талдау туралы, білімі мен іскерлігін қазақ тілі мен әдебиеті, руханият мәселесінде жан-жақты пайдалану, әдеби шығармаларды идеялық-тақырыптық және көркемдік тұрғыдан талдау негіздерін қолдана алады;
білімдік, кәсіптік міндеттерді, заманауи мәселелерді шешуде ғылым мен білімді пайдалануға дайын болуға; өз жұмысының нәтижесін өз бетімен бағалау, заманауи технологияларды қолданып әртүрлі ақпараттарды қабылдай және өңдей білуге құзіретті болады;
әдеби шығармаларды оқуда әдеби-теориялық талдауды жүзеге асыратын тиімді сабақ жоспарларын әзірлей алады;
көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саналы бағалай алады