Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жіктелуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы пәні және әдісі. Өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін түсіну. Курста негізгі таксономикалық топтардың сипаттамасы: тіршілік кезеңінде гаметофиті басым өсімдік-мүктәрізділер бөлімі; тіршілік кезеңінде спорофиті басым өсімдіктер-риниофиттер,плаун тәрізділер, қырықбуындылар, шаңжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар, жабық тұқымдылар қарастырылады
жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін ажыратады;өсімдіктерді классификациялау принциптері, систематикалық топтардың туыстық қатынастары және олардың даму кезеңдері мен шаруашылықтағы маңызын меңгереді;өсімдік түрлерін анықтап, тұқымдастары бойынша өсімдіктердің тізімін жасайды;жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын риниофиттер, мүктәрізділер, плаундар, псилофиттер,қырықбуынтәрізділер,папоротниктәрізділер,жалаңаштұқымдылар, жабықтұқымдылардың филогенетикалық жүйедегі орнын салыстырады;жеке және топта жұмыс жасап;қажет құрал, құрылғы және әдістерді қолданып талдау жасайды.