Бүгін университетіміздің түлегі Брекешев Серікқали Аманғалиұлы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрі қызметіне тағайындалды.
Бұл қуанышты жаңалықпен бөлісе отырып, Министрдің жұмысына сәттілік және толағай табыстар тілейміз. Университет түлектерінің жоғары дәрежеге, жетістіктерге жетуі біз үшін үлкен мақтаныш! Серікқали Аманғалиұлы студенттерімізге керемет үлгі болары сөзсіз.
Серікқали Брекешев 1995 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультетін бітірген. Еңбек жолын 1995-1997 жылдары – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист қызметінен бастаған. 1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспекторы, 1997-1998 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженері болған. 1998-2006 жж. – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жылдары – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары. 2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.