Бизнес-таңғы ас

17 қыркүйек күні Yessenov University-де жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін тиімді құрал ретінде өзара іс-қимылдың ықтимал нысандарын талқылау мақсатында университет серіктестерімен Президенттің бизнес-таңғы асы өтті.

Кездесу аясында қонақтар стартап жобаларды, инновациялық бизнес жобаларды дайындау мен іске асыруда студенттерді қолдау үшін ашылған кәсіпкерлік орталығында болды.

 

Каспий кәсіпкерлік орталығының меңгерушісі Асырова Лаура қонақтарды орталықтың алдағы іс-шараларымен таныстырды.