2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады
27 қаңтар күні Yessenov University Президенті және профессор-оқытушылар құрамы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына желі арқылы қатысты.
Отырыста білім және ғылым саласындағы 2021 жылғы жұмыстың қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды.
2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады. Бұған жаңадан 200 мектеп салу арқылы оқушылар орнының көбеюі ықпал етеді. Білім беру ұйымдарына білікті педагогтер тартылады. Ол үшін министрлік қазірдің өзінде әлеуметтік пакетті ұсынуды қолға алды.
Балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалып, білім беру қызметінің сапасына бақылау да күшейтіледі.