Білім беруді басқарудағы технологиялардың әсері

2024 жылдың 26 желтоқсанында Үздіксіз білім беру институты жоғары оқу орындары басшыларына арналған «Impact of technologies in the Education management» (Білім беруді басқарудағы технологиялардың әсері) тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын бастады. Бұл курсқа тек басшылар ғана емес, кафедра оқытушылары да қатысты. Қазіргі заманғы технологиялардың әкімшілік процестерді, шешім қабылдауды және білім беру жүйелерін жақсартуды қалай өзгертетіні туралы PhD докторы, профессор Дабабрата Чоудхури айтып берді.

Курс негізгі аспектілерді қамтиды:автоматтандыру және тиімділік; деректерді талдау және шешім қабылдау; байланысты жақсарту; қолжетімділік және инклюзивтілік; қаржылық тиімділік.

Курс аясында студенттердің үлгерімін бақылау, ықтимал мәселелерді болжау, ресурстарды бөлуде негізделген шешім қабылдау және басқа да тақырыптар қарастырылды.

Курстың қорытындысы бойынша әрбір тыңдаушы бекітілген үлгідегі сертификат алады.