26 қараша күні Yessenov University-де «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларының инновациялық ортаны қалыптастырудағы рөлі: кафедра мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығы» тақырыбында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін инновациялық тәсілдер, еңбек нарығының өзгерістеріне бейімделген кәсіби мамандар даярлау, сондай-ақ студенттердің мансаптық өсуіне жағдай жасау сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.