Оффлайн оқыту кезінде короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы тиіс:
1) ғимаратқа кіргенде дезинфекциялық тоннель арқылы өтіп, дене қызуын өлшету;
2) ғимараттарға кіргенде және іште барлық уақытта бетпердемен жүру;
3) қол дезинфекциясын жасау;
4) барлық жерде әлеуметтік (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтап жүру;
5) ғимарат ішінде оқшаулану: қызметкерлер – кабинеттерде, білім алушылар – сабақ кестесіне сай аудиторияларда;
6) аудиторияларда белгіленген орындар бойынша отыру тәртібін сақтау;
7) дәліздерде жүрмеу, ортақ орындарда үш адамнан артық топтаспау;
8) «Тыныс алу этикетін» сақтау қажет: түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды жабу;
9) сабақ мезгілінде білім алушының күй-жағдайы болмау белгілері байқалғанда жедел түрде медициналық кабинетке бару;
10) сабақ аяқталған соң оқу ғимаратынан шығып кету;
11) респираторлық инфекцияның белгілерін, өзін нашар сезінгенде, үйде қалу. Дене қызуы, жөтел немесе ентігу болғанда, міндетті түрде өзі тіркелген емханада тексеруден өту.
Сақтық шараларын ұстанбаған білім алушылар аудиториялық сабқаққа қатыстырылмайды.