Білім, ғылым, қоғам құндылықтары

11 желтоқсан күні Yessenov University-де физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы Сембіғали Төрешұлы Закеновтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Білім, ғылым, қоғам құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, мемлекеттік билік және азаматтық қоғам өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

Конференция жұмысы Yessenov University Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметовтің құттықтау сөзінен басталды. Құттықтау рәсімі Ақтау қаласының әкімі Әбілхайыр Жаңайұлы Байпақовтың сөзымен жалғасын тапты.

Конференция жұмысы түрлі бағыттар бойынша секциялық отырыстармен жалғасып, білім, ғылым және қоғам құндылықтарын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.