2025 жылдың 11 желтоқсанында Есенов университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы Закенов Сембіғали Төрешұлының мерейлі 60 жылдық мерейтойына арналған «Білім, ғылым, қоғам құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция аясында білім мен ғылымның заманауи бағыттары, инженерлік саланың дамуы, қоғамның тұрақты өркендеуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беріледі.