«Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты»

Есенов университеті Сіздерді Халық батыры Есекмерген Есенғұлұлы өмірі және ерлік жолына арналған «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты: 03 қараша, 2023 ж.
Өтетін орны: Ақтау қ., 32-шағын аудан, Есенов университеті, конференц зал (2 қабат)
Конференция бағдарламасы:
09:00 – 09:30 – Кампус тур. Конференцияға қатысушыларды тіркеу
09:30 – 10:00 – Есекмерген Есенғұлұлы атындағы оқу аудиториясының ашылуы (Е-207)
10:00 – 12:15 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
14:00 – 17:00 – Бағыттар бойынша секциялық отырыс. Конференцияның жабылуы.