SDEWES конференциясына қатысу (Рим, Италия)

2024 жылғы 8-12 қыркүйек аралығында Есенов ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Баимбет Дінмұхамбет Римде (Италия) өткен SDEWES конференциясына қатысты. Іс-шара барысында ол «Қазақстандағы Каспий теңізі өңірі үшін күн дистилляторын эксперименттік және сандық зерттеу» тақырыбындағы жұмыстың нәтижелерін ұсынды. Бұл құрғақ аймақтарда жаңартылатын энергияны тұрақты пайдаланудың инновациялық шешімдерін талқылауға мүмкіндік беретін құнды тәжірибе.

Ұйымдастырушыларға университет жетістіктерін халықаралық аренада бөлісу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз!