Yessenov University ғалымдары ДДСҰ бекіткен рецепт бойынша антисептик және дезинфекциялық құралдар өндірісін игерді.
Аталған құралдармен төтенше жағдай кезінде өз жұмысын жалғастыратын университет бөлімшелері, жатақханалары мен қызметкерлері қамтамасыз етіледі.
Жиі қолды жуу және антисептик пайдалану — коронавирустан қорғаудың ең дұрыс тәсілі.