Ақордада Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бастаған неміс делегациясымен кездесу ұйымдастырылды.
 
Ақордадағы келіссөз үстелінде Yessenov University (YU) президенті Берік Ахметов пен Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті Роммель Волрад Ақтау қаласындағы Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойды.
 
Ертең, 21 маусым күні Германия Президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына келеді.
 
Дәл қазір Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумы өтіп жатыр.