Yessenov University-де 21-22 тамыз аралығында Ақтау қаласының жастары арасында климат бойынша ашық диалог өтті. Іс-шараны Фридрих Эберт халықаралық фондының қолдауымен Yessenov University базасында ұйымдастырылды. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастырылған шараға дарынды балаларға арналған Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Маңғыстау облысы білім басқармасының әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан және КММ мамандандырылған IT лицейінен 9-10-11 класс оқушылары мен Есенов университетінің Экология ББ бойынша 2-3 курс студенттері белсенді қатысты.
Диалог бағдарламасында Қазақстанның климаттық күн тәртібі қарастырылды. Біздің елде климаттың өзгеруімен күресу үшін қандай қадамдар жасалып жатқанын және осы бастамаларды қалай қолдау керектігі талқыланды. Сонымен қатар, су ресурстарына арналған сессиялар қамтылды. Судың қазіргі жағдайы, проблемалары және су ресурстарын басқарудың мүмкін шешімдері туралы ақпараттармен бөлісілді. Қала жастары климаттық мәселелерді шешу және су ресурстарын басқару бойынша шешімдер қабылдау процестеріне белсенді қатысты.
Шараның қонақтары Климат және Су бойынша халықаралық ұйлестіруші Нохад Эльхаж (Нидерландия Корольдігі), Фридрих Эберт Қорының Қазақстандағы бағдарламалық менеджері Медет Сүлеймен ашылу салтанатына қатысып, ОА және Қазақстандағы су қауіпсіздігі бойынша зерттеуші Жания Хайбуллина қатысушыларға дәріс оқыды. Шараны БҰҰ-ның Тұрақты даму стратегиясы бойынша қоғамдық және аймақтық координатор Бийбиназ Альманова ұйымдастырды.
Екі күн жалғасқан диалогтың қорытындысы бойынша Yessenov University-дің зерттеулер және даму жөніндегі вице-президенті Сейдалиев Асқар қатысушыларға болашақ жобаларда сәттілік тілеп, халықаралық сертификаттарды табыстады.