2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша грантқа байқау жарияланады!
Қабылдау талаптары:
Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
1-3 курс студенті болуы;
GPA 2,67 немесе одан жоғары болуы;
Кем дегенде B2 деңгейінде шет тілін меңгерген сертификатының болуы;
Университет алдында академиялық немесе қаржылық қарыздарының болмауы.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
Білім алушының өтініші;
Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
ЖОО мөрі басылған қазақ және ағылшын тілдерінде үлгерімі бойынша транскрипт;
Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат;
№ 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
Қажетті құжаттардың толық топтамасы қағаз нұсқасында A1204 (12-қабат) кабинетіне 2024 жылғы 20 наурызға (қоса алғанда) дейін тапсырырылуы қажет.
Немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау) жіберілуі тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге хабарласуға болады:
+7 7292 788 788 (261);
alisher.baltabay@yu.edu.kz.