17 қыркүйек күні Yessenov University-де “AMANAT” партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге “AMANAT” партиясының МОФ төрағасы, Халықтық штаб төрағасы Нұрбек Қарасайұлы, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серикбай Кудайбергенович, “Қазақстан Халықтық партиясы” Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының м. а. Ранида Амержановна, “Ақ жол” демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы қатысты.
Штаб мүшелері АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты. Егер халық АЭС салуды қолдаса, онда құрылыс халықаралық МАГАТЭ стандартымен және сарапшыларының бақылауымен салынатынын түсіндірді.
Шара соңында Yessenov University ұжымы АЭС-ның экологияға, нақтыласақ Балқаш көліне әсері, экономикалық тиімділігі бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.