23 қазан күні Yessenov University-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен «Адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың негізі» тақырыбында тәрбиелік-танымдық адалдық сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – университет ұжымында және студенттік ортада адалдық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болды.
Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау филиалының директоры Д.М. Усипбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдары академиясының академигі О.Н. Әбділов, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Г.Л. Какауова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер қоғамдағы адалдық пен ашықтық мәдениетінің маңыздылығына тоқталып, жастарды парасаттылық пен әділдік құндылықтарын ұстануға шақырды.
Кездесу соңында студенттерге адалдық пен әділдікке үндейтін бейнеролик көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.