Адал азамат — абыройлы қызметтің тірегі, мемлекеттік қызмет жүйесінің негізі

19.11.2025 күні “Бизнес және туризм» факультетінде   «Адал азамат — абыройлы қызметтің тірегі, мемлекеттік қызмет жүйесінің негізі» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Шараға «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттері мен факультет оқытушылар қатысты.

            Іс-шараның арнайы спикері — Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен қоғамдағы адалдық мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Спикер төмендегі бағыттарға ерекше тоқталды:

  • мемлекеттік қызметтегі ашықтық, әділдік және адалдық стандарттары; 
  • кәсіби этика нормаларының ел басқару мәдениетіндегі рөлі; 
  • мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі мен қоғамға үлгі болу міндеті;
  • жастар арасындағы азаматтық сана, құқықтық мәдениет және этикалық құндылықтарды дамыту жолдары.

Аталған шара студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтуға, этикалық нормаларға құрметпен қарауға және адалдықты жеке тұлғаның басты қасиеті ретінде қабылдауына зор ықпал етті.