Абай мұрасы, адамгершілік тәрбие

14 тамыз күні Yessenov University-де «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы, адамгершілік тәрбие» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Абай мұрасын насихаттау, адамгершілікке, білім мен ізгілікке үндейтін рухани тәрбие беру.

Шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен басқарма басшылары және кітапхана маманы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен айтылып, «Қара сөздеріндегі» адамгершілік, тәрбие, еңбек және білім тақырыптары талқыланды.
Абайдың шығармалары, қара сөздері, поэзиялық жинақтары мен ақын туралы жазылған ғылыми-танымдық еңбектер қойылды.

Шараға қатысушылар Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды.