Есенов тіл орталығы

Yessenov Language Center – бұл Есенов Университетінің пилоттық жобасы, оның мақсаты шетелдік жаттықтырушыларды тарта отырып университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін жаңа мүмкіндіктер құру, сонымен қатар халықаралық стандарттарды енгізу арқылы Маңғыстау облысы тұрғындарының ағылшын тілдік дайындық деңгейін көтеру және біліктілігін арттыру

ҰСЫНЫЛАТЫН КУРСТАР

Студенттер үшін:

  • академиялық ағылшын тілі;
  • IELTS-ке дайындық.

 

Мұғалімдерге:

  • пән мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі;
  • Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік курстар;
  • жаңартылған орта білім беру бағдарламасы аясында орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы;
  • Шетел тілін оқытудың коммуникативті әдістері;
  • Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындық.

 

Ақысыз іс-шаралар:

  • Жаңадан бастаушыларға арналған тілдесу клубы (сейсенбі, 16:00);
  • ЮО қызметкерлеріне арналған тілдесу клубы (сәрсенбі, 16:00);
  • Жоғары деңгейлерге арналған тілдесу клубы (бейсенбі, 16:00).