Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес бағдарлама мұнай-газ ісі саласында ғылыми – зерттеу қызметін жоғары техникалық деңгейде жүзеге асыруға және ғылыми-эксперименталдық зерттеулер мен кәсіптік сынақтар жобаларын басқаруға, мұнай-газ өнеркәсібінің пәнаралық салаларындағы ұйымдастыру-басқару қызметімен айналысуға және тиісті креативті шешімдер қабылдауға қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
– көмірсутек шикізатын өндіру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу;
-басқарушылық шешімдерді таңдау мен қабылдауға ғылыми көзқарас;
-мұнай-газ саласындағы жаңа технологиялық процестерді әзірлеу тәжірибесін талдау және қорыту;
-мұнай-газ саласындағы жаңа технологиялық үдерістерді және игеру тәжірибесін талдау және жинақтау.
-көмірсутек шикізатын өндіру саласында жаңа технологиялық процестерді игерудің және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізудің озық тәжірибесін жалпылау;
-жаңа техника мен технологияны енгізу жоспарын құру;
-оқытушы,
-ғылыми қызметкер,
-инженер-зерттеуші,
-инженер-жобалаушы,
-өндірістік бөлімшенің, ұйымдар мен мекемелердің, компаниялардың және т. б. жетекшісі,
-технолог, жетекші технолог, бас технолог,
-бас инженер.