15 наурыз күні Yessenov University-де ұлттық «Амал» мерекесіне арналған «Амал келді, жыл келді!» мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік шараға бірнеше қонақтар қатысты. Соның ішінде Ақтау қаласындағы Түркия және Әзірбайжан бас консулдықтарының өкілдері және тағы басқалары болды.
Университет ректоры Берік Ахметов мерекенің маңыздылығына тоқталып өтіп, барша қауымды көктемнің шуақты да, мерейлі «Амал» мерекесімен құттықтады.